Кешегі аптаның қасиетті жұма күні Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітімен жәнеы ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешіт ауласында кезекті «Қайырымдылық жәрмеңке» өтті. Ардақты елші Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) өз хадисінде«Жақсылық жасаңдар, қайырымды болыңдар!”, — деп айтқан. Мешіт жанындағы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірт апайларымыз бен қыздарымыздың өз қолдарымен пісірген әртүрлі тағам түрлері сатылымға шығарылды. Алланың разылығы үшін мешітке қадам басып келген мұсылман бауырлар таңдаған дүниесін қуана сатып алды. Қайырымдылық-жәрмеңкеден түскен қаражат алда жасайтын әртүрлі қайырымдылық істерге жұмсалмақ.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.