Мектеп оқушыларымен семинар..

Бородулиха аудандық мешітінің бас имамы Әріпжан Қожанұлы Бородулиха аудандық қазақ мектебінде оқушылармен кездесіп  қайтты. Осы жиында «Бала бауыр етің-зорлық зомбылық көрсетпейік» атты тақырыпта семинар өткізді. оқушыларына  5-11 сынып арасында имандылыққа, әділдікке, отансүйгіштік, сабырлылыққа шақыратын дәріс өтті. Бұл кездесуде аудан имамы жасөспірімдерге қиын сәттерде , дағдарыс жағдайында сабыр сақтап, жат әрекеттерге бармау, иманды,кішіпейіл болу, Отанды сүю тақырыптарында уағыз айтты. Оқушылар кездесулер барысында діни сұрақтарын қойып өздерін толғандырып жүрген сауалдарға жауаптарын алды. Сол күні мектеп оқушыларына  аталмыш жат ағымдар туралы тақырыбы жөнінде кеңінен әңгімеленіп түсіндірілді. Кездесу соңында мектеп ұстаздары мен оқушылар имамға ризашылықтарын білдіріп , тағыда осындай кездесудің болатындығына сеім білдірді. Аудан имамы Әріпжан Қожанұлы бұған ерекше назар аударып жергілікті БАҚ арқылы және кездесулер барысында жергілікті халыққа өз балаларын осындай жат ағымдардан қалай сақтандыру қажет еткендігін діни негізде түсіндіруде. Жалпы Бородулиха ауаданы бойынша егемен еліміздің болашағы болар жас ұрпақтың иманды да ибалы болып тәрбиеленуіне дін өкілдері тарапынан ерекше көңіл бөлінуде. Бұл орайда,дін қызметкерлері мен мектеп басшылары арасында жақсы қарым-қатынас қалыптасқан.

 

Бородулиха мешітінің баспасөз хатшысы.