«Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» қаламыздың Тас мешітімен бірлесе, «Жан жылуы» атты қайырымдылық науқаны аясында 150 қарт кісіге арналған арнайы дастархан жайды. Қайырымдылық кеште концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Белсенді жастар қарияларымызды өткен қарттар күні мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін шынайы ықыласпен білдірді. Науқанға белсене ат салысқан Электротехникалық колледжінің белсенді жастарына өз алғысымызды білдіреміз!
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.