Қасиетті жұма күні Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітімен және ҚМДБ-ға қарасты «Зекет» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешіт ауласында кезекті «Қайырымдылық жәрмеңке» өтіп. Соның жалғасы ретінде, қайырымдылық-жәрмеңкеден түскен қаражаттан азық түлік алынып, жағдайы төмен отбасыларға таратылды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.