ҚМДБ Семей аймағы бойынша «Әйел қыздар секторы» тұңғыш Президент күніне орай «Басшыға бағыну- парыз» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа орталық мешіт найб имамы Буыржан Құмарғазыұлы, мешіт ұстазы Тұрлықожанова Динара қатысты. Сауат ашу курсының шәкірт апайларынан Елубаева Фариза, жастардан Балабекова Арайлым тәлім тәрбиеге толы дайындап келген баяндамаларымен бөлісті.
Қасиетті Құранда: “Уа, иман келтіргендер! Аллаға мойынсұныңдар, Пайғамбарға және араларыңнан әмір иелеріне бағыныңдар” (“Ниса” сүресі, 59-аят). Отбасында болсын, қызмет басында болсын, оқу орнында болсын қысқасы кез келген жағдайда тәртіп керек, тағайындалған басшыңа бағыну керек. Бұл дәстүр күні кешеге дейін қазақ даласында сақталған. Халық даналығындағы «Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без» деп келетін аталы сөздің астарында да осы мән жатса керек. Айналамыздағы қоршаған табиғатты да Жаратушымыз белгілі бір үндестік пен ережеге бағындырып жаратқан. Басшыға бағынудың мәні туралы Бауржан Момышұлы атамыз былай деген: « Тәртіпке бағынған- құл болмас» аталы сөзді оқып, ашық сабақты қорытындылады. Әжелер ақ батасын беріп, елімізге тыныштық, ынтымақ тіледі.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінінің баспасөз қызметі.