ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел қыздар секторы» мешіт жанындағы сауат ашу курстарында білім алып жүрген жас қыз келіншектерге тәтті торт пісіруден шеберлік сағатын өткізді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазан айында оразасын тұтса, ар-намысын қорғап және күйеуіне мойынсұнатын болса жәннәт есіктерінен қалағанына кіреді» — деп айтқан. Отбасының ұйытқысы, отбасының берекесін келтіретін әйел екені белгілі. Осындай шеберлік сағаттары нәзік жандыларға отбасына, қоғамға пайдалы болуға көмек болады деген ниетпен өткізіліп отырады.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.