Колледждегі кездесу

Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде қоғамдағы «Экстремизм және терроризм» бағытында түсіндірме жұмыстары жайлы басқосу өтті. Кездесуге «Жаңауыл» мешітінің имамы Қуанышбек Нұрмыханұлы қатысты. Студенттерге қоғам дерті болған терроризм жайлы насихат айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Колледж студенттері дайындаған көрініспен қатар, проектордан бейне ролик көрсетілді. Колледж тарапынан қатысушы имамға алғыс айтып, сыйлық берілді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі