Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай Ораздың бұйрығымен Серікбай Ислам Бейбітұлы директор болып тағайындалды. Павлодар облысының өкіл имамы Бертымұратов Жолдас бүгін Ислам Бейбітұлын жаңа ұжымына апарып таныстырды.
Ислам Бейбітұлы 1993 жылы туған, 2016 жылы Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институтының филология және тарих факультетін, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін филология магистрі бойынша тәмамдаған. 2016- 2017 оқу жылында Павлодар қаласындағы Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі болып қызмет атқарған. Отбасылы.