«Адамға алғыс айта алмаған, Аллаға да алғыс айта алмайды», – деген.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді
Елбасымыз Алғыс айту күні туралы:
«Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, әсіресе оларды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Бұлкүн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.
Алғыс айту күні еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні болғандықтан, Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешітте «Ислам және жастар жылы» аясында Алғыс айту күніне орай мерекелік шара өтті. Шараға Семей аймағы бойынша өкіл имам Алтыбай Мақсат Қуанышұлы қатысты. Өкіл имам жастарды бірлікке, бауырмал жанашыр болуға, еліне дініне пайда ғана әкелетін азамат болуға шақырды. Сонымен қатар Қазақ еліне еңбегі сіңген ардагер әжелер қатысып, Жастармен өмірлік тәжірибелерімен ақыл кеңестерімен бөлісті. Тәуелсіздікке қол жеткізуге себепші болған Елбасымызға, азаматтарымызға алғысымызды ұмытпауымызды да өсиет етті. Жастар да өз кезегінде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, барша қазақ еліне алғыстарын білдірді. Шара соңында мешіт пен қоғамдық жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген жастарға алғыс хаттар табысталды. Ақ дастарқан басында бас қосып еліміздің амандығы үшін дұға жасалды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.