ҚМДБ тарапынан тапсырылған төрт бағыттың бірі қайырымдылық шарасын мейлінше ел өңірлеріндегі мешіттер кеңінен жүргізу болатын. Осы орайда Аягөз қалалық мешіті, ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып «Қайырымдылық дүкенін» ашты. Асыл дініміздегі басты құндылықтардың бірі – қайырымдылық. Құран Кәрімде: «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқандарына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал – мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде – кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла берген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» деген. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» – деген халық даналығы. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінде: «Жақсылыққа – қайырымдылықпен, мейірімділікке – ізгілікпен, достыққа – адалдықпен жауап беру керек» – деген. Қала әкімі Самат Серікұлы қасиетті жұма күнімен жиналғандарды құттықтап, осы дүкеннің ашылуына атсалысқан ағайынға алғыс білдірді. Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы: «Дінімізде қайырымдылық жасау ізгіліктің,соның ішінде халқымыздың бойына сіңген қасиеттердің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» – деген жақсы сөз бар. Мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, адамдардың бір – біріне мейірімділік танытуы арқылы жақсылық жасалады. «Қайырымдылық – адамгершіліктің белгісі. «Аз қамқорлық жасаудан ұялма, өйткені, құр алақан қайтару одан да аз» – деген жақсы сөз бар» – деді . «Баталы құл арымас» – деген халық даналығына орай, Азанғали қажы атамыз ақ батасын беріп, «Жылуы жоқ үйден без, қайырым жоқ биден без» дегендей, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту еткен, қолдан келген жәрдемін ұсынып, пейілдерін танытқан баршаға, бұл ата – баба аманаты осындай жақсылықтарды ұрпаққа жеткізе білейік» – деді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.