Қайырымдылық іс шарасы

Зекет қоры мен Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастыруымен  бірлесіп қайырымдылық іс шарасын өткізді.

Шараға мұқтаж отбасылардың әлеуметтік картасы арқылы жасалған тізімдегі отбасылар қамтылып, бұл жолғы қайырымдылық Семей  аймағына қарасты барлық қала, аудан мешіттерінде өтті.

«Қайырымдылық жасау біздің басты парызымыз. Бұған дейін «Зекет» қорының атынан бірнеше мәрте тұрмысы төмен отбасыларға және басқа да әртүрлі санаттағы мұқтаж, көмекке зәру жандарға жәрдем бердік. Шара алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады» деп атап өтті, шараны ұйымдастырушылар.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі

.