Аталмыш шараға өңірдегі мешіт әйел жамағаты қатысты. Мерекелік шараны сектор меңгерушісі Тұрлықожанова Динараның «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбын ашықтаумен басталып, әжелер өз кезегінде халық арасында кең таралған дәстүрлердің артықшылығын түсіндіріп,көрініс түрінде көрсетті. Орталық мешіт шәкірт әжелері бесікке бөлеу, Тыныбай мешіт шәкірт әжелері келіннің әдебі, Жоламан мешіт әжелері тұсау кесу дәстүрін тек көрсетіп қоймай, ол дәстүрлердің шариғаттағы орны мен адам тұрмысында маңыздылығында жеткізді. Келген қонақтар арасында хадис-мақал, жұмбақ жасыру ойындары өтіп,сыйлықтар берілді. Мерекелік ақ дастарқан басында тілек баталар айтылды.
Cемей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі