Сауат ашу курсы үш айлық емтихан тапсырды

ҚМДБ — ның  Семей аймағы бойынша шариғат пен дүниені ұштастыра отырып    «Қос мұнаралы» орталық мешіт және «Тыныбай» қалалық мешіт жанынандағы діни  сауат ашу курстарында жыл басынан бері  білім алып жүрген  шәкірттерге емтихан өткізіліп, екінші   3 айлық оқудың қорытындысы жасалды. Сауат ашу курстарында  бойжеткен қыздар ,аяулы  аналар және ақ жаулықты әжелер  болып бір шаңырақ астында бір отбасындай сауатын ашқан әйел жамағаты тәжуид, ақида, фиқһ пәндері бойынша емтихан тапсырды.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.