Семей қалалық Жастар колледжінде студент жастармен діни ағымдар жайлы түсіндірме жұмыстары жүрді. Кездесуге Семей қалалық ішкі саясат және діни зерттеу орталық мамандарымен және Жастар секторының өкілі Жүнісбек Айдын Салімханұлы Қаламыздағы діни ахуалдың жағдайы, деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары, ұлттық құндылықтардың дәстүрлі дінмен сабақтастығы, діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға қауіптілігі жөнінде ақпараттар берілді. Кездесу соңында тақырыпқа қатысты ҚМДБ – ның тарапынан рұқсат етілген дұрыс бағыттағы сайттарды таныстырды. Жастар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарға тұщымды жауаптар алды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.