Аягөз ауданының бас имамы Думан Нәдірұлы қасиетті жұма күні Ақтоғай бекетіндегі Ақтоғай орта мектебінде оқушылармен кездесуге қатысты. Қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі «Суицид» жайлы уағыз – насихат айтып, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Мешіт әкімшілігі аудан имамына алғыстарын білдіріп, алдағы уақыттада осындай жиындар өткізуге уағдаласты.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі