Аягөз ауданына қарасты Мамырсу ауылындағы «Қазығұл ата» мешітінде Ұлық айда Түркістан қаласынан келген Сүлеймен қари қасиетті Құранды хатымдады. Күніне екі пара Алла сөзін оқып, он бес күн ішінде құран нұрымен нұрланған жамағатқа аудан имамы Думан Нәдірұлы насихат айтып, тәмамдалған Құранды хатым дұғасын оқып, ел – жұрт амандығын тілеп, келесі рамазан айына амандықпен жетуге бата жасады. Алла сөзі құранды оқыған Сүлеймен қариға иығына шапан жауып, сый – сыйапат жасалып, көпшілік алғыстарын білдірді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі