Айтта балаларға қуаныш сыйлады.

ҚМДБ Семей өңірі бойынша  “Әйел-қыздар секторы” ның ұйымдастыруымен Семей қаласында “Қос мұнаралы” орталық мешіт пен қалалық “Төкеш Ыбырайұлы” мешітінде жаздық сауат ашу курсында білім алып жатқан балдырғандарға және  көп балалы отбасыларына Ораза айт мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті.

 «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады»  деген халқымызда сөз бар. Осы игі бастамамен Қасиетті ораза айт мерекесінің бірінші күні, Семей өңірі бойынша  “Әйел-қыздар секторы”   дінімізді  насихаттай отырып, балаларға қуаныш сыйлап, көңілдерін көтеру ниетімен көп балалы отбасыларын қонақ етті. Мерекелік іс шараның басы балаларға асыл дінімізді кең танытатын викториналық сұрақтармен басталды. Әрі қарай аниматорлық мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен балаларға түрлі ойын жарыстары өткізілді. Қонақ балалар мен аналары мерекелік дастарханнан дәм татып, “Әйел-қыздар секторы” ның атынан азық-түлік пен балаларға арнап сыйлықтар берілді.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.