Ислам дініндегі 5 парыз бірі – ұлы қажылық ғибадаты. Қажылық сапарының уақыты да жақындап, таяп келеді. Соған орай, Семей қаласы Қос мұнаралы орталық мешіті жанындағы ғимаратта жиналған көпшілік жамағатқа қажылық парызының рәсімдері түсіндірілді. ҚМДБ-ның Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінің наиб имамы Баешов Бекзат Боранбайұлы жамағатқа ұлы сапардың рәсімдерін, атап айтқанда, тауаф ету, ихрам кию, Сафа мен Маруа төбелері арасында сағи жасау турасында түсіндірді. Семей аймағы бойынша қажылық бөлімінің өкілі Біржан Аманжолұлы қажылықтың шарттары мен ережелерін түсіндірді. Тауап қалай жасалатынын, сафа мен маруа арасында қалай жүру керектігін, ихрамға кірген соң не нәрсеге мұқият болу қажеттігін түсіндірді. Қасиетті мекендегі құлшылықтарды қателеспей жасау үшін әрбір мәселені түсіндіріп өтті. Қажылыққа аттанатын бауырларға сапарларына сәттілік тілеп, ұлы ғибадаттың қабыл болуына тілек білдірді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.