Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы діни сауат ашу орталығындағы дәріс алушы апайлар тобы Мухаррам айы, Ашура күні құрметіне ауыз ашар ұйымдастырды. Ақдастархан жайылып, еркін сұхбат құрылды. Қасиетті Алла сөзі Құранмен басталып, ыстық тағам беріліп, сұрақ – жауап ұйымдастырылды. Аналар жүрек жарды лебіздерін білдіріп, ақ баталарын берді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі