Аягөз қаласындағы оңтүстік қалашығындағы №10187 әскери бөлімінде қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі суицид жайлы «Өмір қымбат» атты тақырыпта кездесу өтті. Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы уағыз – насихат айтып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Проектордан бейнеролик көрсетіліп, әскерилер өз ой – пікірлерін айтып, сонымен қатар, алдағы уақыттада осындай рухани кездесулердің өтіп тұруын сұрады.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі