Мәуліт айындағы қайырымдылық

ҚМДБ Семей қалалық «Ақ мешіт» жанындағы сауат – ашу курсының шәкірттері мәуліт айының құрметіне көпбалалы мұқтаж 20 отбасына қайырымдылық көрсетті.  Кешті «Ақ мешіт»  бас имамы Беисов Рашид құттықтау сөзімен  бастады. «Әйел – қыздар» секторы мүшелері ардақты Пайғамбарымыздың ғибратты ғұмырын насихаттайтын     тәрбиелік мәні зор бағдарлама көрсетті. Жайылған  дастарқан басында ақ жаулықты әжелер жүректен шыққан тілек – баталарын  берді.  Қонақ болып келген  балаларға сыйлықтар табысталды. Батыр аналар алғыстарын жаудырып, Алла елшісі жайлы, оның көркем мінезі, ғибратты ғұмыры  жайлы мол мағлұмат алып, рухани әсер алғандарын айтып тарқасты.

 

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.