Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы РАНТ мүшесі Өкен Шынарбек Аягөз қаласындағы орталық аурухана қызметкерлерімен кездесу өткізді. Басқосу жиынында қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жат ағым жайлы насихат айтылды. Өкен Шынарбек жат ағымның алдын алудың бір жолы әр адам өзінің дәстүрлі дінінен хабардар болу керектігін ұрпағына ата – бабаларымыздың аманат қылған ізгілік жолымен жүру керектігін баяндап өтті. Ақхалатты абзал жандар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі