Ислам діні алғашқы уақыттардан бастап-ақ әйел затының отбасындағы, қоғамдағы орны мен міндеттерін көрсетіп, сүйкімді қыз, сүйікті жар, аяулы ана ретінде беделін көтерген. Құран Кәрімде «Ниса» (Әйелдер), «Мәриям» деп аталатынт әйелдерге арналған сүрелер түсірілген. Бұдан басқа да әйел адамның міндеттері айтылған сүрелер бар. Сондай-ақ, хадистерде: «Жәннат ананың табанының астында», «Сендердің ең жақсыларың, әйелдеріңе жақсы қарым-қатынаста болғандарың», деп текке айтылмаған. Дана халқымыз да «Әйел адам бір қолымен бесігін тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», деумен әйел адамның салихалы ұрпақ тәрбиелеп шығарудағы орнын көрсетуде. Осыдан – ақ Ислам дінінің әйелдерге қаншалықты көңіл бөлгенін көруге болады.
ҚМД Семей өңірі «Әйел – қыздар секторы» асыл дінімізді көркем түрде жеткізу, ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ғибратқа толы сүннет жолын насихаттау ниетімен қыз келіншектер арасында тәрбиелік мәні бар рухани азық болатын шаралар өткізіп келеді. Осы мақсатта Жарқын ауылдық мешітте алғаш рет өшпес өнеге қалдырған ардақты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) арналған Мәуліт өткізді. Мешіт шәкірттерінің атсалысуымен өткен ғибратқа толы болған шараға Семей қаласының найб имамы… және мешіт ұстазы Тұрлықожанова Динара қатысты. Қасиетті құран аяттары оқылып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) үлгі өнегеге толы өмірін көрсететін уағыз насихаттар көрсетіліп айтылды. Қатысқан Жарқын ауылының тұрғындары көздеріне жас алып,болашақта да осындай рухани азық беретін шаралардың үзілмей болып тұруын өтінді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.