Семей қалалық Бір мұнаралы тас мешітінде, РАНТ мүшесі, Отарбаев Бауыржан уағыз айтты. Бауыржан ұстаз мұсылманның асыл қасиеттерінің бірі – ұстамдылық турасында насихат айтты. Ислам дініне шақырудағы табандылық, өзге адамдармен мәміледегі ұстамдылық, байсалдылық секілді қасиеттердің мұсылман бойынан табылуы тиіс екендігін тілге тиек етті. Пайғамбар ﷺ мен сахабалар өмірінен мысалдар келтіріп, ашуын жұтып, әр ісін ақылға салып амал еткендерге берілетін Алланың сыйымен сүйіншіледі. Ақшам намазынан кейін болған уағызға 20-ға жуық жамағат қатысты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.