Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы РАНТ мүшесі Отарбаев Бауыржан ШҚО Семей қаласындағы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесі №2 жасақтың №5 өрт сөндіру бөлім қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында РАНТ мүшесі Отарбаев Бауыржан түрлі кереғар ағымдардың алдын алу, бірлік пен береке, ынтымақ пен достық, жастар тәрбиесіне қатысты мәселелерді кеңінен түсінді.
Сондай-ақ, кездесу сәтінде өрт сөндіру қызметкерлердің тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі