Өткізілген іс-шараға аудандық мешіттің жамағат қыз келіншектері мен Қалбатау ауылының тұрғындары қатысты. Іс шараны аудандық орталық мешіттің найб имамы Тойқылды Абдилсамет бастады. Жиналған әйел қауымына Исламдағы әйелдің орны, салихалы әйел тақырыбында кеңінен уағыз айтты. Шакманова Гульайым «Исламдағы бала тәрбиесі», «үлкенге құрмет, кішіге ізет», «әйелдің жанұялық қарым қатынасы» жайлы презентация жасап дәріс жүргізді. Жиналған қыз келіншектер өзара кеңес құрып көптеген мәселерді талқылап, жылдық іс шараларға жоспар құрды.
Жарма аудандық орталық мешіті баспасөз қызметі
Пікір қалдыру