Ауданымыздың орталығындағы “Шыңғыстау” спорт кешенінде Абай Құнанбай ұлының 175 жылдығына орай, Абай атамыздың сүйіп ойнаған ойындарының бірі тоғызқұмалақтан ауданішілік жарыс болып өтті.
Жарыс 3 деңгейде өте тартысты. Үлкен топ бойынша үздік шыққандар: 1 орынды Назым қызы Айзада иеленсе, 2 орынды Қожағұл Ерасыл иеленді, 3 орынды Еркінов Нұрәли иеленді. Ортаңғы топ бойынша үздік шыққандар: 1 орынды Оразалин Нұрсұлтан иеленсе, 2 орынды Нұржан қызы Кәусәр иеленді. 3 орынды Дулат қызы Салтанат иеленді. Кіші топ бойынша үздік шыққандар: 1 орынды Бірлікқалиев Әлижан иеленсе, 2 орынды Серіков Лағыл иеленді, 3 орынды Еркінов Дінмұхаммед иеленді. Және үздік өнер көрсеткені үшін 4 оқушы марапатталды. Олар: Акшекина Аяла, Дархан қызы Айзат, Оралбекова Айару, Дүйсенбаева Кәусар. Барлық жеңіімпаздар Құнанбай қажы мешітінің атынан мадақтама мен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Абай аудандық баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру