Өзгенің ауыртпашылығын жеңілдету – адамдық қасиеттің ең ұлысы. Осындай қиын сәтте аты аңызға айналған балуан Дәулет Болатұлы қолындағы барымен жерлестерімен бөлісіп, демеу болды.
Азық-түлікке толы жеті жүк көлігі Жарма, Тарбағатай, Абай, Аягөз, Көкпекті және Үржар аудандарындағы халықтың мұқтаж топтарына арнайы жөнелтті.
Осы игі шараны ұйымдастырушылардың бірі Жандос Ілиясов: “Дәулет Болатұлы туған өлкесіндегі жерлестерін ешқашан ұмытпайды. Жаһанды жайлаған індет кезінде, жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кеткен жандарға көмегін беруді өзінің азаматтық міндеті санайды” – деп ағынан жарылды.
Иә “Біз біргеміз” акциясының аймақтарда да жүйелі жалғасын табуы, осындай жүрегі кең жомарт жандардың арқасында іске асып жатқан игілікті шаралар.
Қиын-қыстау кезде жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге қолдау көрсету аса маңызды іс болып табылады.Бүгінде меценаттардың қолдауымен «Біргеміз» қорына 18 миллиард 899 миллион теңге қаржы жиналды.
Сонымен қатар 7 миллиард 600 милионнан астам теңге облыстар мен республикалық маңызы бар қала тұрғындарының 150 мыңнан аса мұқтаж топтарына 50 мың теңгеден берілді.
Қуаныш Рахметоллаұлы, Семей қаласы.
Пікір қалдыру