НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында 200 орынға арналған заманауи жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлайды. Нысан 13 күн ішінде салынды.
Айта кетсек, елордада жұқпалы ауруларға арналған жаңа госпиталь құрылысы жүріп жатқаны туралы ҚазАқпарат тілшісі бұған дейін хабарлаған болатын.
https://www.inform.kz/kz/elordadagy-zhukpaly-aurular-auruhanasy-13-kunde-salyndy_a3640553
Пікір қалдыру