ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ЕРМАК СӘЛИМОВ Сіздерді, ізгілік пен мейірім айы - қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл ай – барша мұсылман қауымы үшін ерекше мерекелі мезгіл. Рамазан айы адамдарды қайырымға, ілтипат пен сабырға шақырады. Бұл қасиеттер қоғамымыз үшін қазір ерекше құнды. Бүгінгі таңда бүкіл әлем, оның ішінде Қазақстан жұқпалы індетпен күрес шараларын қолға алды. Бұл ретте барлықтарыңызды ел билігі қабылдаған сақтық шараларына түсіністікпен қарап, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының нұсқауларын басшылыққа алуға шақырамын. Рамазан айындағы барлық діни шараларды өз үйлеріңізде өткізіңіздер. Бұл індетті тек қана бірлесе отырып, бір ниет, бір тілекпен жеңе аламыз, ағайын.

Қадірлі жерлестер!

Ораза айы – ынтымақ пен берекеге шақыратын, жүрегімізді мейірімге толтырып, жасампаздыққа жетелейтін қасиетті мейрам! Рамазан айындағы барлық ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ- береке, ырыс-несібе тілеймін! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз, қайырымдылық шараларыңыз сауаптан жазылсын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!