СЕМЕЙЛІКТЕР ДІН  ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДӘН РИЗА! (ФОТО+ВИДЕО)

Иә, биылғы жылдың ақырға екі айы және Рамазан еліміздегі қалыптасқан карантин режиміне байланысты ауыр жағдайда өтті.

Карантин басталғалы мешіттер жабық болғанымен, жауапкершілікті жете түсінген мешіт имамдары ауыртпашылыққа қарамастан халыққа қолдау көрсету мақсатында  ауқымды игілікті істер атқарды. Семей өңірінің Зекет корпоративті қоры және мешіттері жомарт жандармен байланыс орнатып, үздіксіз қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы: мешіттер жабық болғанымен, игіліктің есіктері ашық- деді. «Көп түкірсе, көл»,- дегендей халықтың қолдауымен Бас мүфтидің бастамасымен  өңір мешіттерінде бұрын-соңды болмаған кең көлемді қайырымдылық шаралары өтті. Карантин басталғалы атап айтқанда 2845 адамға 14,037,000 теңге көлемінде азық-түлік  дорбалары таратылды. 100-ден  астам адамға 1,000,000 теңге қаражат берілді. 330 адамға 2,800,000 теңге көлемінде ет және 1000-нан астам адамға тегін бет перделер таратылды. Жүрек жылуы аясында карантинге ең алғаш жабылған Нұр – Сұлтан қаласына 2 тонна азық – түлік жөнелтілді. Су тасқыннан зардап шеккен Мақтарал тұрғындарынада  4 жүк көлігіне 6 тонна азық – түлік керекті киім кешек жиналып Мақтаралға жіберілді. Семей өңірі бойынша Зекет қорының ұйымдастыруымен Мақтарал тұрғындарына 500 000 мың теңге аударды.  Оразаның әр күнінде Семей өңірінің мешіттерінде  жамағатқа ауыз ашарлар тегін үлестірілді, бір айда 4150 адамға ауыз ашар таратылды. Сонымен қатар, ел сыйлаған ардагерлер мен  қарияларға да арнайы құрмет көрсеттілді. Қорыта айтқанда  8425 отбасына 30 млн. теңгенің көлемінде қайырымдылық шаралары өткізілді. Сонымен қатар, Рамазан айында  Ел үлесі пәтерге жобасы бойынша Семей өңірінде  үш отбасына баспана табысталды. Осының бәрі мешіттерде жиналған пітір садақа және жомарт жандардың көмегімен жүзеге асты.

Сын сағатында халыққа қолдау көрсетіп, түрлі сауапты  шараларды жүзеге асыруға ұйтқы болған осы  өңірдің  бас имамы Асқар Әбітайұлы бастаған дін қызметкерлеріне Семейліктер дән риза!

– Карантин басталған кезде көп адамдар жұмыссыз қалып  көңілі күпті болған еді.  Дегенменде  мешіт имамдары биыл қажырлы қызмет жасап, қиын сәтте көптеген отбасына көмек көрсетті. Дініміздің абыройын асқақтатып, ізгі амалдар істеумен қоса, оразаның 30 күнінде  онлайн және теледидар арқылы халықпен байланыста болып, Семей халқын рухани уағыз-насихаттармен сусындатты, – дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Құмарбек Әмірханов.

Бақытгүл Қожанайқызы көп балалы ана: – Өз басыңда  шаңырағың болмау адам үшін үлкен қасірет екен.  Алайын десем қаржым болмады. Қасиетті Рамазан айында  Алланың қалауымен,  кең жүректі азаматтардың қолдауымен баспаналы болдым. Бұл мен үшін үлкен бақыт. Осындай сауапты іске бас болып отырған Мүфтиятқа, Зекет қорына және мешіт қызметкерлеріне зор алғыс білдіремін, – деді.

Рамазан айында жақсылықта жарысып, көптеген сауапты істерге мұрындық болған дін қызметкерлеріне Семей өңірінің халқы шексіз алғыстарын білдіруде.

Дәулет Тілеубердиев Қазақстанның құрметті журналисі.