Қаламыздың №39 орта мектеппен жаңадан салынып жатқан жаңа орталық мешітінен бастау алған игі шара өңіріміздің барлық аймағында мешіт қызметкерлері және ерікті жамағаттың қолдауымен жалғасты.
Тал отырғызуды бастап берген Асқар Әбітайұлы:
«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде: «Қолдарыңда бір құрма ағашының шыбығы болып, қиямет келген жағдай болса да соны отырғызып үлгеріңдер» – деген. Бұл хадистен ағаш отырғызудың маңыздылығын, табиғатты қорғаудың, маңайымызды көгалдандырудың қаншалықты сауабы бар екенін түсінуге болады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай ел көлемінде 30 мың түп ағаш отырғызуды бастап кетті. Елордада басталған шара бір мезетте өңірлердің имамдары және жамағатының атсалысуымен жалғасады» деді.
Осы бастама аясында бүгін Семей өңіріне қарасты қала, аудан, ауыл мешіттері 70 тей мекемеге, мешіттерге, мектептерге, емханаларға, көшелерге, саябақтарға т.б жерлерге барлығы 1,500,000 теңгеге жуық 1700 түп ағаш сатып алынып отырғызылды. Осы шараға 100 ге жуық еріктілер жұмылдырылды.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру