Ең алдымен сөз алған Наурызбай қажы Тағанұлы кезінде жаза басып, қателікке бой алдырған азаматтарды сабырға шақырып, елді, отанды, туысқанды құрметтеуге шақырды. Біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол ‒ Қазақстан. Осы елдің дамуына үлес қосайық. Біздің туыстарымыз, бауырлармыз осында тұрады. Елге қызмет әр азаматтың міндеті деді Бас мүфти.
‒ Адам баласының кемшіліксіз болуы мүмкін бе? «Мен ешқашан қателеспеймін» деп ойлайтын адам ‒ ең үлкен қателесуші. Өйткені, қазақ атамыз баяғыда-ақ «жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Адам баласының бәрі қателесуші. Қателесушілердің ең жақсысы ‒ тәубеге келгендері», ‒ деген. Мына дүние бізге берілген бір сынақ мекені. Сәл сынып кеттік пе, онда осал тұсымыз байқалып қалады. Осында әртүрлі жағдайда түскен азаматтар отыр. Кейде бостандықтың қадірін ұмытып кетеміз. Дегенмен осындай сынаққа шыдап, сабырлық танытсаңыздар, бұл қиындықтықта артта қалар. Ендігі қалған ғұмырды берекелі өткізуге тырысу керек» деді Наурызбай қажы Тағанұлы кездесу барысында.
Сонымен қатар Діни басқарма төрағасы жиын соңында Ислам жайында қазіргі таңдағы ашық интернет көздерінен ақпаратты абайлап пайдалану қажеттігін баса ескертті.
Пікір қалдыру