Қазіргідей карантиндік шектеулер жағдайында бұл шараның берері көп. Біріншіден – өзіңізді және жақындарыңызды жұқпалы індеттен қорғайсыз, уақытыңызды үнемдейсіз. Екіншіден – кез келген жерден, кез келген уақытта, мысалы мүбәрак күндер мен сағаттарда риясыз, жасырын түрде бере аласыз.
Онлайн садақаны ұялы телефоннан Kaspi.kz немесе Homebank kz мобильдік қосымшалары арқылы төмендегі реттілік бойынша беруге болады. Аталған қосымшаларды жүктеп және тіркелеген соң, «төлемдер», оның ішінде «барлық төлемдер» бағанына өтесіз. Одан соң «қайырымдылық» тетігін басып, «мешітке садақа» бағанын таңдайсыз. Ол бағандағы «Шығыс Қазақстан обл, Семей өңірі» бөліміне өтіп, жазылып тұрған мешіттердің бірін таңдайсыз. Ал, келесі бөлімде садақаның алты түрі көрсетілген. Мәселен, «ерікті садақа» немесе «демеушілік көмек» садақасын таңдауыңызға болады. Әрі қарай «садақа мөлшері» деген бағанға өтіп, өзіңіз қалаған соманы енгізесіз.
Алла Тағала берген садақаларыңызды қабыл етіп, мал-мүліктеріңізбен кәсіптеріңізге бере берсін!
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру