Карантин кезінде белсенділік танытқан имамдарға жамағат атынан сыйақы  берілді. Фото

Биылғы жыл тек біздер үшін емес жалпы әлем халқы үшінде  сынаққа толы болды. 

Осы қиын сәтте  дін қызметкерлері де  халықпен бірге болып, мұңын бірге бөлісті. Дін қызметкерлері  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасымен  «Жүрек жылуы», «Өмірге үміт сыйла»  «Ел үлесі  пәтерге», «Мұқтаждың мұңын бөліс», Көшпелі керуен», «Тай қазан»,  «QURBAN2020», Мектепке жол», «Жылу сыйла»- атты т.б қайырымдылық жобаларды  жоғары деңгейде  іске асырды.

 Аталмыш қайырымдылық жобалары аясында  жағдайы  төмен жандарға, көп балалы отбасылырға азық-түлік, ауруханаларға оттегі концентраттары мен дәрі-дәрмектер жеткізді. Мешіттер жабық болғанымен  рухани уағыз-насихаттар, діни дәрістер  жамағатқа қашықтықтан болсада тұрақты  түрде жүргізілді. Осы сын сағаттарында өзін тәуекелге тігіп, белсенділік танытқан имамдарға  мешіт жамағаттары дән риза болып,  сыйақы үлестірді. Кәсіпкер жамағаттарымыз имамдардың еңбегін бағалап қолдау көрсеткені үшін Бас имам Асқар Әбітайұлы алғыс айтып, Алла тағаладан дендеріне саулық, кәсіптеріне береке тіледі.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

\