Тоқтала кетсек, осыған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз бағдарламалық баяндамасында ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, діни ағымдармен жұмыс бағыттары бойынша жұмыстар қолға алынатынын жеткізген еді. Бұл ретте семейлік дін қызметкерлеріне де зор жауапкершілік жүктелген.
Жиында ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша бас имамы Асқар Мұқанов өткен жылдағы жұмыстарының есебін беріп, алдағы уақыттағы жаңа бағыттар бойынша жүргізілетін шаралар жайын да кеңінен сөз етті.
Сондай-ақ, тақырып аясында имамдар мен мешіт ұстаздарының ұсыныстары да тыңдалды. Жиын барысында карантин режиміне байланысты қашықтықтан оқыту, ғаламтор желісіндегі уағыз-насихат жұмысын жандандыру бойынша жұмыстар да талқыланды.
Семей Қос мұнаралы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру