Айта кетейік мешітке Орта Азияға танымал дін қайраткері, ғалым 1948 жылдан өмірінің соңына дейін 26 жыл Семей қаласындағы бір мұнаралы «Ағаш» мешітінің бас имамы болған Хакім Хазірет Омарұлының аты берілді. Дальный кентінде жаңа мешіт пен қайырымдылық мекемесінің құрылысы 2019 жылы басталған болатын. Медреседе балалар білім алып, болашақта Құранды толық жатқа білетін қариларды дайындау көзделген. Бұл кентте бұрын-соңды мешіт болмаған.
Ашылу шарасы барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешітке Қасиетті Құран мен кәдесый табыс етсе, Хакім Хазіреттің ұрпағы әкесінің сәлдесін өткізді.
Мешіттің ресми ашылуында ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, “Зекет” және қайырымдылық қорының директоры Талғат Омаров болды.
Пікір қалдыру