Жыл басында ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Кемел адам» және «Ихсан ілімі» тұжырымдамасын көпшілікке ұсынған болатын. Осы бастама аясында шағын еңбекке Хәкім Абайдың өнегелі өсиет сөздері мен рухани тәрбие – Ихсан ілімі жөнінде материалдар енгізілген. Кітапқа Қ.А.Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің профессоры, ұлағатты ұстаз Әмір Мұсақұлұлы пікір жазған.
Кітап авторы М.Естеміровтің бұған дейін бірнеше кітаптары мен ғылыми мақалалары жарық көрген. Шағын кітапшаны медреселер мен мешіттерге, кітапханаларға үлестіру жоспарланған.
Пікір қалдыру