«Рамазанның алғашқы күні Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Президент ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Діни басқарманың атқарып жатқан іс-шаралары туралы баяндап, мүфтият тынысымен таныстырдым. Рамазан айында да бірқатар қайырымдылық шараларының ұйымдастырылатынын жеткіздім. Күн жылып келе жатқандықтан, мешіттерімізде айт намазын сыртта оқысақ деген ұсынысымды айттым. Президент өз кезегінде Діни басқарманың игі істердің басында жүріп, имамдарымыздың ел азаматтарын жақсылыққа, ізгілікке шақырудағы адал қызметіне алғысын білдірді» деп атап өтті Бас мүфти.
Сондай-ақ жиында ҚМДБ бөлім басшылары Рамазанның алғашқы аптасында атқарылған іс-шаралардың есебін таныстырды. Бас мүфти бөлім басшылары мен өкілдіктердің бас имамдарына нақты тапсырмалар берді.
Пікір қалдыру