Жиынды ашып, сөз сөйлеген Семей аймағы бойынша Бас имам Асқар Әбітайұлы алдағы қасиетті Рамазан айына жоспарланған тапсырмаларды таныстырды.
Бас имам: «Алдымызды қасиетті Рамазан айы тұр. Біз бұл айды тыңғылықты әзірлікпен, жоба-жоспармен бастауымыз маңызды. Кіші Төралқа мәжілісінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің берген нақты тапсырмаларын нәтижелі орындауымыз керек» дей келе Рамазан айына орай берілген тапсырмаларды жоғары дәрежеде өткізу керектігін атап өтті.
Асқар Әбітайұлы қасиетті Рамазанды қайырымдылық және мейірім айы ретінде атап өтуді, сонымен қатар карантин талаптарын қатаң сақтау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, аудан, қала имамдарына қасиетті айда сауапты істерді жүйелі ұйымдастыру, халықты бірлікке ұйытуда бастамашылдықпен жұмыс істеуді, індеттен арылуды тілеп дұға жасау жөнінде тілге тиек етті.
Жиында әрбір бөлімнің басшылары жасалып жатқан шаралар бойынша баяндама жасады. Басқосуда сонымен қатар өткен айлардағы өңір бойынша атқарылған шараларды қорытындылап, алдағы міндеттер талқыланды. Жиналыста Рамазан айына дайындық мәселесі жан-жақты пысықталды. Барлық аудан имамдарына ҚМДБ-ның концептуалды құжаттарының топтамасы таратылды.
Семей Абай Құнанбай атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру