Алла Тағала қасиетті Құранда: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші)» («Исра» сүресі, 1-аят) деп баяндайды.
Еліміздегі барша мұсылманды қасиетті айдың соңғы күндерінде қасиетті мекеннің тыныштығы үшін дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала қасиетті әл-Ақсаның бейбітшілік пен амандықта болуын нәсіп етсін! Әмин!
Пікір қалдыру