«Алла Тағала отыз күн бойы ұстаған оразамызды, жасаған дұғамызды, жәрдемге мұқтаж жандарға үлестірген садақамызды қабыл еткей! Әр отбасына амандық, жақсылық тілеймін. Оразадан оразаға дейін аман-есен жете берейік!
Жер бетінен жұқпалы дерт жойылып, мерекелі, берекелі сәттерде жүздесуді жазып! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деді Асқар Әбітайұлы. Сондай-ақ Бас имам Ораза айт мерекесін берекелі де сауапты етіп өткізуге шақырды.
Айта кетейік, биылғы айт намазы еліміздің барлық мешіттерінде пандемия жағдайына байланысты санитарлық талаптарды ескеріп, арақашықтық сақтай отырып оқылды.
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру