Діни басқарманың негізгі міндетінің бірі – мұсылман тәрбиесін беру. Осы ретте айтатыным, мүфтият өз міндетін ойдағыдай атқарып келеді. Оның жарқын мысалының бірі – қолымызға тиген «Ихсан – тәрбие негізі» кітабы. Бұл кітап адам баласын тәрбиелеуге, Хәкім Абай айтқан «Толық адам» концепциясына негізделген» деп атап өтті Мырзатай Жолдасбеков.
Айта кетейік, «Ихсан – тәрбие негізі» кітабында «Жаратушы Аллаға ихсан», «Тұлғалық ихсан», «Ихсан және қоғам» сынды тараулар қамтылып, Ислам ғұламаларының ихсан ілімі жайлы ой-толғамдары берілген.
Пікір қалдыру