Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Семей қаласы бойынша онлайн құрбандық шалынады. Осы орайда, Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында Семей аймағы өкілдігінің бас имамы, қала әкімдігі, СЭС өкілдері, мал дәрігер өкілдері, қасапхана қожайындарымен бірге онлайн құрбандық шалынатын қасапханаларды аралап шықты.
Семей қаласы бойынша “Космановтар, 1” және “Семей-Алматы тас жолы 7/1” мекен жайында орыналасқан қасапханаларда онлайн құрбандық шалынады.
Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдыру