Мақаншы ауылдық орталық мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды

Семей өңіріне қарасты Мақаншы ауылдық орталық мешітіне бас имамы болып Сабанов Есбол Ерболұлы тағайындалды.

Ол – бұған дейін Мақаншы ауылына қарасты Бақты ауылдық мешітінің  бас имамы  қызметін атқарған тәжірибелі дін қызметкер. Осы кезге дейін бас имам болып қызмет атқарған Ұлан Жұмаханұлына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, иығына шапан жапты. Үржар аудан әкімі  Нұржан Тоқсейтов келіп, бас имам болып қызмет атқарған Ұлан Жұмаханұлына сый – сияпат табыстады. Жаңадан тағайындалған имамды Мақаншы жамағатына Семей өңірінің Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имамы Ержан Исаханұлы таныстырып, қызметіне сәттілік пен береке тіледі.

САБАНОВ ЕСБОЛ ЕРБОЛҰЛЫ. 10.05.1990.ЖЫЛЫ ШҰБАРТАУ АУДАНЫ САРҒАМЫС АУЫЛЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН.

2014-2017 ЖЫЛДАРЫ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА МЕДРЕСЕ КОЛЛЕДЖІН ОҚЫП БІТІРДІ.

2017 – 2021 ЖЫЛ АРАЛЫҒЫНДА МАҚАНШЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ НАИБ ИМАМ ҚЫЗМЕТІН АТҚАРДЫ.

2021ЖЫЛЫ БАҚТЫ АУЫЛЫНА БАС ИМАМ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2021ЖЫЛЫ МАҚАНШЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНЕ БАС ИМАМ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Семей Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі.