САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ КӨРЕРМЕН САУАЛДАРЫНА ЖАУАП БЕРЕДІ

9 қыркүйек сағат 16:00-де Діни басқарманың «Муфтият ҚМДБ» YouTube арнасы мен @muftiyatkz Instagram парақшасында онлайн сұрақ-жауап эфирі өтеді.
ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Отбасы апталығына» орай отбасылық мәселелерге қатысты сауалдарға жауап береді.

Сіздің де отбасы, тұрмыс-салтқа қатысты сұрақтарыңыз болса, тікелей эфир барысында қоя аласыз. Онлайн сұрақ-жауап эфирін өткізіп алмаңыз!