«Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» – дейді халық даналығы. “Қыз тәбиесі ұлт тәрбиесі” дегендей, болашағымыз жарқын болуы ұрпағымыздың өнегелі болуында. Осы орайда Семей қаласының “Әйел қыздар” секторы мен “Әжелер мектебі” қыз-келіншектерге тәрбиелік мәні зор “Қызым саған айтам, келінім сен тыңда” атты шара өткізді. Шара Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінің наиб имамы, ұстаз Рашид Тұрсүнқановтың алғы сөзінен басталды. Өмірлік тәжірибесі мол әжелеріміз өз кеңістерімен бөлісіп, аталған тақырыпта жастарға тәбиелік көріністер қойылды. Психолог Гүлмира ханым қазіргі қоғамдағы ене, келін мәселесін ғылыми түрде талқылады.
Іс-шараның жалпы мақсаты қазіргі қыздар мен бұрынғы қыздардың тәрбиесі жайлы айтып, қыздарымыздың қазақи ар намыстан, ұятынан ажырамай, қазақ қызына тән ибалы болулары жайында түсінік беру мен қатар, бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз – ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, ақ жаулықты әже екендіктерін ескерсек, сол ұлағаттылық ұяда өзінің казіргі кескін-келбетінен басталатынын саналарына сіңіре айту. Ата-аналар, замандастарының, өздерінің, ақын-жазушыларымыздың өсиет,кеңестерін, ойларын бірге тыңдау арқылы қызға қырық үйден тиюдың жолын жалғау.
Дүниеге қыз келген уақытта, Алла тағала ол жерге періштелерді жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын», – дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап былай дейді: «Қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, Қияметке дейін оған Алланың жәрдемі болады». (Набит бин Шурайттан Табарани риуаят еткен).
Шара соңында викториналық сұрақтар қойылып, қыз-келіншектерді сыйлықтармен қуантты. Аталмыш шара жас келіндерге ғана емес, енелерге де өте пайдалы өтті.
Семей қаласындағы “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру