ҮРЖАР АУДАНЫ КӨЛЕМІНДЕГІ АУЫЛ МЕШІТТЕРІНДЕГІ “ҒАЛАМНЫҢ РАХЫМ НҰРЫ” АТТЫ МӘУЛІТ КЕШТЕРІ (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облысы Семей өңірі Үржар ауданына қарасты барлық ауылдық мешіттерінде және де аудан көлемінде “САҒЫНДЫҚ СЕНІ, ИӘ РАСУЛАЛЛА”, “ҒАЛАМНЫҢ РАХЫМ НҰРЫ” – атты рухани мәуліт кештері өтті.

Есімі күллі әлем мұсылмандары үшін ерекше құрметті Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  дүние есігін ашқан ай-жыл құсындай айналып, сағындырып, Шығыстың шұрайлы Үржар халқына да жетті.

Адамзаттың асылы, ардақты Пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген айында бірнеше ауыл мешіттері мен мәдениет үйлерінде мәуліт мерекесінің атап өтілуі қуантарлық жағдай.

Шолпан ауылында өткізілген мәуліт мерекесінде, мешітте Құран оқылып, Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауаттар айтылды.

Сауабы мол шара мектеп кітапханасында “Адамазаттың асыл тәжі” атты пайғамбарымыздың  (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірбаяны жайлы кітап табысталды.

Мешіт имамы Қанат Саматұлы жиналған жамағатқа пайғамбарлық жайлы уағыз айтты.

Елтай ауылдық “Айша Фатима” мешітінің имамы Елдос Нағимолла мен жамағатының ұйымдастырған мәдениет үйіндегі мәуліт мерекесі де ауыл халқының көңілінен шығып бір қуандырып тастады. Осы ауылдағы өткізілген мәуліт мерекесіне аудан имамы Ұлан Ермекұлы, аудан наиб имамдары мен бірнеше ауыл имамдары да барып қатысып қайтты.  Осындай ауыл мешіттерінде пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәуліті өткізіліп, Алланың кәләмі Құран аяттарын оқумен ашылып, қазақ тілінде “Мәуліт” жыры айтылды.

Ал, Үржар аудан орталығы мәдениет үйінде өткізілген аудандық мәуліт мерекесіне арналған іс-шараға Үржар ауданының Нұржан Тоқсейітов арнайы келіп, халықты мәуліт мерекесімен құқттықтап, ардақты пайғамбар жайлы салихалы кешімізге алғысын білдіріп аудан, ауыл имамдарына тегіс алғыс хатпен марапаттады!

Кешті тамашалауға келген халыққа тағылымды кітаптар сыйға тартылды, дін жолындағы қызметте жүрген аудан және ауыл имамдары аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Кеште салауаттар, мағыналы жырлар,діни әндер айтылып,мәнді көріністер көрсетіліп,монолог оқылды.

Қасиетті жиында Үржар ауданының Бас имамы Ұлан Ермекұлы жиналған барша халыққа және осы кештің жоғары деңгейде өткізілуіне демеушілік көмек көрсеткен азаматтарға ауыл имамдарына, Үржар аудандық мәдениет үйі қызметкерлері мен басшылығына, “Зекет және қайырымдылық қорының” өкілдігіне, ат салысқан барша жандарға риясыз ризашылығын жеткізді.

Хас өнерлі тұлғалар Алла Расуліне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)  деген сағынышты өнердің тылсым тілімен жеткізді. Жиылған халық сағыныштан толқып, көздеріне еріксіз жас алды. Рухзани кештің әсерлігі сол, адамзаттың ардақтысын сғынған жүректің бұл кеште жыламауы мүмкін емес еді!

Алласын ұлықтап, пайғамбарын патшасындай құрмет қылған қазақ халқы осы бір игі ізден жаңылмай, сағынышпен салауат жолдаған Үржар халқы көңілден кетпес ғибратты кештің куәгері болды.

Көрермендер тарапы: “Жыл сайын Мәуліт мерекесін ерекше күтемін. Отбасымызбен сіздер ұйымдастырған шараға біріншілердің қатарында келеміз. Бұл кеште жүрегім қатты толқиды, адамзаттың ұлы ұстазы Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Пайғамбарыма деген сағынышым одан әрі толықсып, жанарыма еріксіз жас ала отырып, салауатты сағынышпен жолдаймын. Рухани кештен, мол мағына, ерекше әсер алдым” – деп толқынысын жеткізді.

Дәл осындай мерейлі кештер:

Таскескен ауылдық мешітінің имамы Нұржан, Алтыншоқы ауылдық мешітінің имамы Азербай Азатхан, Көкөзек ауылдық мешітінің имамы Қабдулмажит, Көлденең ауылдық мешітінің имамы Парасат, Айтбай ауылдық мешітінің имамы Нұржан, Бестерек мешітінің имамы Медғат, Садақ мешітінің имамы Мақсат, және Жанай ауылдық мешітінің имамы Қабыл ақсақалдарындың ұйымдастыруымен өткен Мәуліт мерекесі.

Алла Тағала игі іске үлес қосқан барша азаматқа разы болсын!

 

Үржар аудандық мешітінің баспасөз қызметі