Аягөз қалалық «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде ауданымызға қарасты, Мәдениет ауылында 20 жылдан астам уақыт имамдық қызмет атқарған Алмас Қалиханұлына баспана кілті табысталды. Осынау игілікті рәсімді ҚМДБ–ның Семей аймағы бойынша Бас имамы Асқар Әбітайұлы және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Абай атқарды. “ЖАҚСЫЛЫҚТА ЖАРЫСАЙЫҚ, АҒАЙЫН”, “ЕЛ ҮЛЕСІ ПӘТЕРГЕ” жобасы бойынша 488 – ші баспана кілті табысталып, Алмас Қалиханұлына дін жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру