ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының өкілдігі ашылды. Орталықтың ашылу рәсіміне ҚМДБ Семей өңірі бойынша бас имам Асқар Әбітайұлы және қала, аудан имамдары қатысты. Осыған орай, бас имам жиналған имамдарға «Qamqor-Sharapat» орталығының жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба екендігін, және қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек екендігі туралы кеңінен түсіндіріп, ҚМДБ-ның осы бағытта атқарып жатқан іс-қызметтеріне тоқталып, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру